Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат 

12.05.2025

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының филиал басшысы А.С. Мустафина біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына «Қазіргі жағдайдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақ барысында тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлықтың себептері, оның қоғамға тигізетін әсері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары туралы нақты мәліметтер берілді. Сонымен қатар, курсқа қатысушы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікірлерін ортаға салып, өз тәжірибелерімен бөлісті.