25.09.2025



Ақтөбе қаласындағы Болашақ колледжінде интернет алаяқтығы мен киберқылмыстардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараға Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының КОҚҰ кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Н. Сисенов және Ақтөбе облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ж. Шагиров қатысты.
Кездесу барысында студенттерге интернет алаяқтығы, жеке деректерді заңсыз пайдалану, “дропперлер” арқылы жасалатын қылмыстар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, жеке мәліметтер мен банк карталарын үшінші тұлғаларға беру — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.







