24.06.2019
2019 жылғы 23 маусымда Қазақстан полициясының 27 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1«А» курс курсанттары спорттық, мәдени және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырды. Курсанттар оқу-жаттығу өткізуді жоспарлаған орынға жалпы қашықтығы 27 км болатын «Институт – Бестамақ а. – Ақтөбе су қоймасы» бағыты бойынша жүгірді.
Біз полицейлердің жұмысы қаншалықты күрделі екенін және ең қиын сәттерде халық бізге сүйенетінін білеміз, ал біз өз кезегінде халықты қиындықта қалдырмай, елдегі құқық тәртібін қорғауымыз керек.Адамдардың өмірін құтқару және елімізді қорғау үшін өз өмірін қиятын біздің заманымыздың батырлары аз емес.
Осындай атаулы күні курсанттарға Отан алдындағы борышын адал орындауды насихаттау және патриоттық сезімдерін ояту, сондай-ақ достық пен бірлікті нығайту мақсатында 2 «А», 1 «Б»курстарыныңкурсанттары, ата-аналар комитеті, кураторлар, күндізгі оқу факультеті, ЖҚИ және тәрбие жұмысы бөлімі қатысқан мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара талантты курсанттардың патриоттық әндерді шырқауынан басталды, концерттік бағдарлама, одан әрі взводтар арасында футбол, волейбол, гір көтеру, дәстүрлі «арқан тартыс» ойыны, армреслинг, эстафета және т.б. спорттық ойындарға ұласты.
Үздік спортшылар қазіргі мемлекеттік қызметкерлердің дамуына қосқан үлесі үшін алғысхаттармен және грамоталармен марапатталды.Соның арқасында курсанттар күнді жақсы көңіл-күйде өткізіп, демалды. Ата-аналар комитеті, сондай-ақ аталған іс-шараның барлық қонақтары курсанттарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, келесі жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Іс-шарадан кейін курсанттар от жағып,алау жанында патриоттық әндер шырқады, осы концертті ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді және осы көңілге шуақ сыйлаған сәттерді естелік ретінде сақтау мақсатында суретке түсті.
Р.К.Ракишев










