Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстан Республикасы ІІМ-ң үздік тергеушісі» слеті

26.11.2022

 2022 жылдың 24-26 қараша айы аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаменті, Әскери-тергеу департаменті және ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында «Қазақстан Республикасы ІІМ-ң үздік тергеушісі» республикалық слетіне қатысу үшін  республика бойынша үздік тергеушілері шақырылды және олардың ішіндегі үздігін анықтау үшін ІІМ ведомстволық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы сарапшы ретінде жұмылдырылды.  Іс-шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетінің дайындығын арттыру, тергеу бөлімдерінің қызметкерлеріне азаматтық қоғаммен жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, жаңа Қазақстандағы полиция қызметінің жаңа форматының үлгісі болып табылатын қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін пікір алмасу аумағын насихаттау болып табылады.  Іс-шараға оқу процесінде тергеудің тәжірибелік байланысын қалыптастыру және байқауға түсетін үздік тергеушілерді анықтау үшін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Саханова Н.Т және аға оқытушы полиция майоры Тоқпанбетова Г.Н сарапшы ретінде қатысты.  Аталған іс-шара қорытындысы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары  полиция генерал-лейтенанты М.Ш. Қожаевтың  қатысуымен байқау номинациялары бойынша «Қазақстан Республикасы ІІМ-ң үздік тергеушісі» анықталып, қатысушыларға естелік бағалы сыйлықтар тапсырылды.