28.01.2020
2020 жылғы 28 қаңтарда ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы “Қазақ камералық хорының” концертін тамашалады. “Өнер орталығы” концерт залының сахнасында танымал әуендер жаңаша шырқалды. Тыңдаушылар хор мен “B JAZZ” тобының үздік солистерінің орындауындағы джаз классикасын тыңдап, жарқын эмоцияларға ие болды.
ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы
АЗИ ІжСК инспекторы
А.Танкаева








