15.08.2025



Ағымдағы жылдың 15 тамызында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кафедра апталығы аясында, Қазақстан Республикасы 30 тамыз конституция күнi мерекесіне орай алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларын “Шындыққа жету жолында идеялар алаңы” атты дебат ұйымдастырды.
Дебаттың мақсаты – қатысушыларды қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға ынталандыру.
Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда негізгі заңның тарихына қатысты еңбектер мен журнал беттерінен алынған мақалалар үзінділері қойылды.
Мұндай іс-шара білім мен тәрбие беру тұрғысында тындаушыларды пікірталаста әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарауды үйретуге бағытталды.







