Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Шығу тәжірибелік сабақтар

15.11.2022

«Криминалистика» пәні бойынша оқу процесінің практикалық – бағдарлануын күшейту мақсатында, “Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика” кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі С. Б. Кулбаев 2022 жылғы 07-12 қараша аралығында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары үшін шығу тәжірибелік сабақтарын өткізді. Тыңдаушылар Ақтөбе облысы ПД Жедел-криминалистикалық қызметі басқармасының негізгі бағыттарымен танысты. ЖКБ қызметкерлері “Интеграцияланған деректер банкі”, “Папилон”, “Образ++”, “Пулегильзотека” және күнделікті қызметте практикалық қызметкерлер қолданатын басқа да іздестіру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсіндірді. ​Сабақ өз мақсатына жетті, оны жүргізу барысында тыңдаушылар сот сараптамасын жүргізу әдістерімен танысып және сот-баллистикалық, трасологиялық, қолжазба сараптамасын жүргізу туралы ұсыныс алды.