Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Шығу тәжірибелік сабағы

22.10.2021

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, «Криминалистика» және «Криминалистика негіздері» пәні бойынша оқу процесінің тәжірибелік – бағдарлануын күшейту мақсатында, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары 2021 жылғы 12 – 20 қазан аралығында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары үшін шығу тәжірибелік сабақ өткізілді.
Сабақ басталар алдында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ІІД Жедел криминалистикалық қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. ЖББ қызметкерлері “Интеграцияланған деректер банкі”, “Папилон”, “Пулегильзотека” және күнделікті қызметте практикалық қызметкерлер қолданатын басқа да іздестіру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп көрсетті.
Сабақ соңында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ПД ЖКБ басшылығына және қызметкерлеріне криминалистикалық-сараптау қызметінің мүмкіндіктері туралы қызықты әңгімелері үшін, сондай-ақ криминалистердің тәжірибелік қызметіне қатысты сұрақтарға толық жауап бергені үшін алғыстарын білдірді.