25.06.2021
2021 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтыжалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «ІІО қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті-құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту факторы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының м.а., з.ғ.к., полиция полковнигі А.Б. Байсұлтанов, Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы, PhD докторы, полиция майоры Е.Қ. Балымов, жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция подполковнигі А.К. Ибраева, жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және алғашқы арнайы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұртпен ашық әңгіме жүргізуге үйретудің маңызы зор. Бұл бағыт кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басымдыққа айналуы қажет»,-деп кадр мәселесінің өзектілігін атап өткен болатын.
Қазіргі таңда Қазақстан полициясы сервистік модельге көшу барысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің бойына қазақстандық патриоттық рухты сіңіру, күнделікті қоғамдық тәртіпті қырағы қадағалайтын, білімді де, кәсіби білікті маман, халыққа полиция қызметкерін қорғанышы ретінде көрсете білетін, жаңа форматтағы полиция қызметкерін қалыптастыруда құқықтық тәрбие мәселесі ерекше орында тұр. Олай болса, дөңгелек үстелдің де басты мақсаты осы мәселелер туралы пікірлерді ортаға салу болды.
Дөңгелек үстел жұмысының барысында: полиция қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін жетілдіру мәселелері, «полицияның сервистік моделіне» көшуі Қазақстан полициясының басым бағыттарының бірі, дамуы, болашағы болып табылатыны атап өтілді.
Дөңгелек үстел белсенді пікірталас түрінде өтті. ІІО қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін жетілдірудің басты міндеті – құқықтық тәрбиенің барлық кешенін жоғары құқықтық сана мен заңдарды құрметтеу дәстүрін қалыптастыруға жұмылдыру. Осылайша, алғашқы арнайы кәсіби даярлық курсыныңтыңдаушылары арасындағы құқықтық білімді арттыру мен тереңдетуде нақты өзара байланыс пен сабақтастық жүзеге асырылды.
Жалпы заң пәндері кафедрасының
оқытушысы, полиция майоры
Р.Н.Джигитова











