Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

САПАЛЫ БІЛІМ-ЗАМАН ТАЛАБЫ оқу-әдістемелік жиыны туралы

4.09.2017

     2017 жылғы 27 қыркүйекте  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының  базасында  ЖОО – аралық «Сапалы білім-заман талабы» тақырыбындағы оқу-әдістемелік жиыны Қазақ-Орыс халықаралық университеті,  Кеңес Одағының екі мәрте Батыры  Т.Я.Бигельдинов  атындағы  Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті оқытушыларының қатысуымен өткізіледі.

     Жиынның өткізілетін мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., 41-разъезд,  Курсанттар тас жолы-1, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты. Қосымша ақпараттар алу үшін +7 (7132) 98 80 37 телефонына немесе Е-mail: mail@aui-aktobe.kz; эл. поштасына  хабарласа  аласыздар.

     Қатысушыларды тіркеу: 9:00-9:50

     Басталуы: 10:00

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

     5-8 парақ көлеміндегі мақала Microsoft Word  пішімінде; Times New Roman қарпінде; өлшемі – 14; жол аралығы -1,5; жиек сызықтары: сол жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, жоғары және төменгі жақтары – 2 см-ден. 

     Бірінші жолда – автор(-лар)дың тегі, аты-жөні, (бір баяндамада немесе мәлімдемеде үш автордан артық көрсетілу құпталмайды), бір жолдан кейін ұйым, қала, автор(-лар)дың еmail көрсетіледі.

     Жоғары жақ орта тұсында – баяндаманың аты бас әріптермен тасымалданбай, жартылай майлы әріптермен жазылады.

     Бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиеттерге сілтемелер шаршы жақша ішінде беріледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымалданбайды.

     Материалдар барлық талаптарға сай мұқият редакцияланған болуы тиіс. Материалдар автордың редакциялауымен жарияланылады.