Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Салауатты бейсенбі

5.04.2019

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және 2019 жыл – «Жастар жылына» орай, 2019 жылғы 4 сәуір күні әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен жоспарға сай, «Салауатты бейсенбі» атты спорттық шара негізінде, институттың құрама командасымен Ақтөбе қаласының Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының командасы арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.

 Жарысқа қатысушы спортшылар мемлекеттік гимн орындап, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жолдастық кездесуді салтанатты түрде ашты.

Қорытынды ұпай сандары бойынша Ақтөбе қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының «41 қырандары» командасы жеңіске жетіп, институт бастығының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Г.Ж.Сулейманова дипломмен және «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі С.М. Сейфуллинді, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Ақтөбе қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Е. Бердиевті, «Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша Ақтөбе қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Н.Е.Тәңірбергенді грамотамен марапаттады.

«Салауатты бейсенбі» іс-шарасы аясында мемлекеттік мекемелермен және Ақтөбе қаласының ЖОО-ның қызметкерлері арасында волейболдан жолдастық кездесулер институтымызда әрі қарай жалғасын табады.

ӘжДШД кафедрасы бастығының

орынбасары

полиция подполковнигі

А.А. Мергалиев