Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – ӘРКІМНІҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ

16.11.2022

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Бұл біздің болашақ дамуымыздың стратегиялық бағытын анықтайтын науқан. Жастарға Президент сайлауы туралы жан-жақты ақпарат беру және құқықтық көмек көрсету маңызды.

Осыған байланысты, 2022 жылғы 16 қарашада Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің студенттері үшін институттың жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Р.Джигитова “Сайлауға қатысу – әрқайсысының азаматтық борышы” тақырыбында сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша дәріс оқыды.

Р.Джигитова жаңа Қазақстанның сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы, осы оқиғаның әрбір азаматтың өміріндегі маңызы және азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктері туралы айтып берді.