25.04.2018
Қазақстан Республикасы ІІМ нұсқауына сәйкес оқу сабағын өткізуге тәжірибелік қызметкерлерді тарту мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты КОФ-тың 2017-2018 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 24 сәуірде 1Б курсының 101,103-оқу топтарының қатысуымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының маманы, теолог Мейрамбек Бақытұлы Жұмабаев шақырылып, ІІО қызметкерлерінің қызметіндегі психология пәнінен «Діни экстремизмнің және халықаралық терроризмнің негізі. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұруда қызметкерлерді психологиялық дайындауда дүниежүзілік тәжірибе» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Дәріс сабағында келесідей сұрақтар қарастырылды:
- Діни экстремизмнің және халықаралық терроризмнің негізі.
- Құқыққа қарсы террористтік немесе экстремисттік әрекетке бейім тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері.
- Террористтік және экстремисттік топтарға тұлғаларды тартудың психологиялық әдіс-тәсілдері.
М.Б.Жұмабаев курсанттармен дәріс кезінде діни экстремизмнің және халықаралық терроризмнің негізін қалыптастыру туралы теориялық білімдері, терроризм мен діни экстремизммен күресу кезінде психологиялық дайындығы туралы арнайы білімі мен дағдысын жетілдіру және қалыптастыру мақсатында жүргізді.
Дәріс сабағы курсанттар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сабақ соңында профессорлық-оқытушылық құрам мен курсанттар тарапынан сабаққа келген тәжірибелік қызметкерге алғыс айтылды.
Жалпы білім беру кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Ж.А.Жукаева