25.02.2022
24.02.2022 Ақтөбе қ. БПП қызметкерлерін тарта отырып, тәжірибелік сабақтарды жоспарлы өткізуіне байланысты ІІМ М.Бөкенбаев атындағы институтының КОҚҰ кафедрасының орынбасары полиция полковнигі А.Беловпен және КОҚҰ кафедрасының оқытушысы полиция майоры Ж.Сидашевамен ЖОО аумағында патрульдік полиция қызметінің дағдыларын зерделеу мақсатында тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
Институт тыңдаушылары үшін ЖЖМ взвод командирі аға лейтенант Қ.Бисенқұлов ПҚБАО аға инспекторы полиция аға лейтенанты А.Сарбаев жол полициясы қызметінің ерекшелігі бойынша экскурс өткізді. Яғни, заманауи техникамен (ӘҚББТ бағдарламасы бар планшеттер), патрульдік машинаның жабдықтары мен құрылғыларын пайдалану мүмкіндігімен таныстырылды. Құқық бұзушылардың автокөліктерін тексеру және автокөлік жүргізушілерінің құжаттарын тексеру тәртібі түсіндірілді. Мастер-класс әңгімесінің жеке аспектісі болып, болашақ құқық сақшыларын сервистік полицияның басымдықтарын игеру бағдарламасын кәсіби даярлауға арналды. Сабақ бағдарламасында құқық бұзушылықты қалай алдын-алу қажеттігі туралы жеке айтылды. Жалпы, сабақ алынған теориялық білімді бекітуге өз үлесін қосты.
КОҚҰ кафедрасы












