Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Байтақ елім — күн сәулелі Қазақстан!» тақырыбында тарихи-танымдық кеш.

21.10.2022

Бүгін 21 қазанда С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Байтақ елім — күн сәулелі Қазақстан!» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті. 

Мәдени шараға жоғары және кәсіптік орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімі, «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшелері, кітапхана қызметкерлері және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қатысты.

Танымдық шарада сөз алған қонақтар Республика күні еліміздегі мазмұнды әрі мағыналы мерекелердің бірі екендігіне тоқталып, ұлттық құндылықтар мен символдарымыздың қастерленуіне ден қою қажеттігін айтып өтті. Сонымен қатар патриоттық мазмұндағы әндер айтылып, қатысушыларға «Көк байрақты құт мекенім!» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.