Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жастар арасында ұсақ құқықбұзушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

27.11.2020

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасының 2020-2021 жылдарға арналған “Құқықтық мәдениет” арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры В.В. Хасанова “Zoom” онлайн-платформасы арқылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті заң факультетінің 1 курс студенттеріне” Мүлдем төзбеушілік. ҚР әкімшілік заңнамасының кейбір нормаларын түсіндіру”тақырыбында дәрі сөткізді. В. В. Хасанованың дәрісі барысында этимология, “мүлдем төзбеушілік” қағидатын енгізудің мақсаттары мен салалары, қоғам өміріндегі құқықтық мәдениеттің рөлі туралы баяндалды, азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу тәртібі, ІІО-ның құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметінің аспектілері, қоғамдық тәртіп пен имандылықты қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы “Әкімшілік құқықбұзушылық туралы” кодексінің кейбір нормалары, сондай-ақ тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартутәртібі мен негіздері түсіндірілді. Дәріс соңында В.В.Хасанова студенттердің сұрақтарына жауап берді.