Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

СТУДЕНТТЕР ОҚУ ОРДАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

6.02.2026

Мамандықты дұрыс таңдау – бала болашағының маңызды кезеңі. 2026 жылғы 6 ақпан күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тәрбие жұмысы бөлімі “Дүние” колледжінің студенттеріне Ашық есік күнін өткізді. Аталған шара студенттерге колледжді тәмамдағаннан кейін мамандық таңдауға, институттың тыныс-тіршілігімен, материалдық базасымен танысуға және кәсіби бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді.