Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушыларымен “Спортта қызметтегідей” акциясын жүзеге асыру мақсатында тимбилдинг ұйымдастырылды. Іс шара барысы тыңдаушыларға ұжымдық әрекет, жауаптылық, талпыныс, ауызбіршілік секілді дағдыларды игеруге ықпал жасады.
2025 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері әскери институты мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум білім беру, ғылыми қызмет және идеологиялық жұмыстар саласында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Тараптар білім беру процесін жетілдіру, оқу-әдістемелік әдебиеттерді …
Институтта білім алушылардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған Ауған жерінен Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Бейбіт күнде Ауғанда от кешкендер» атты кездесу кеші өтті.Аталған шараның ұйытқысы болған Ауған соғысының ардагері, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Айтуғанұлы Қойлыбаев алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына рухы мықты және ең …
Ардагерлердің кадрлық әлеуетті жетілдірудегі маңызды рөлі, жас офицерлердің кәсіби қалыптасуы үшін білімінің, даналығының және бай өмірлік тәжірибесі қашанда маңызды рөлге ие.Ағымдағы жылы 15 ақпанда оқу ордасы басшылығының институттың өсіп-өркендеуі жолында қызмет атқарған ардагерлермен кездесуі өтті.Жиында алғаш сөз алған институт бастығы полиция полковнигі Ғалымжан Есболаев ардагерлермен бірлесе атқарған жұмыстың жас буын …
|