Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛДЫ

6.02.2026

2026 жылғы 06 ақпанда бастау алатын XXV қысқы Олимпиада ойындарының қарсаңында институт аумағында қысқы спорттық-ойын-сауық нысаны – мұз айдынының салтанатты ашылуы өтті. Осы оқиғаның құрметіне қыстың шілдесіндегі қақаған аязға қарамастан институттың барлық қызметкерлерін біріктірген кең ауқымды ұжымдық «тимбилдинг» ұйымдастырылды. Іс-шара бауырластық рухты, ұжымдық бірлікті және салауатты өмір салтын құрудың маңыздылығын көрсете отырып өткізілді. Бұл іс шара институттың қызмет пен оқу орны ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер, олардың балалары, курсанттар және ардагерлердің ауызбіршілікті, ұйымшыл ұжым екенін көрсетті. Мұз айдынында қызметкерлер мен ардагерлердің көбісі конькиге ұзақ үзілістен кейін отырып, жас курсанттармен пайдалы тәжірибе алмасты. Мұзды сырғанақтан қызметкерлердің балалары сырғанап, олардың қуаныштарын көріп институт – бақыт мекеніне айналғандай болды. Өткізілген іс шара институттағы жағымды моральдық-психологиялық ахуалының, қызметкерлердің салауатты өмірі мен ұжымдық мәдениеттің қалыптасқандығының нышаны болды.