12.02.2026
2026 жылғы 12 ақпанда институттың тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Б. Айсұлтан Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларыға институтқа қабылдау тәртібі, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы толық мәлімет беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.







