Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Новости

Тәжірибелік сабақ өткізілді

17.10.2025

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің полигонында Арнайы тактикалық даярлық кафедрасы және Полиция департаментінің арнайы бөлім қызметкерлері бірлесе отырып, тактикалық және атыс даярлығы бойынша Институттың 2 курс курсанттары үшін тәжірибелік сабақ өткізілді. Сабақ барысында курсанттар тактикалық іс-қимылдар мен атыс дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеріп, өз кәсіби шеберліктерін арттырды.

Институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді (2 ай) оқуға алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қабылданды.

13.10.2025

Бүгін, 2025 жылғы 13 қазанда Институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді (2 ай) оқуға алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қабылданды.Институттың оқытушылық-профессорлық құрамының білікті мамандары қысқа мерзімді оқу бағдарламасы бойынша білімді сіңіріп, кәсіби дағдыларды қалыптастырады. Білім алушыларға оқуда сәттілік тілейміз.