- Институт
- Учебно-методическая деятельность
- Научная деятельность
- Кадровая и воспитательная работа
- Образовательный
портал - Обучающиеся
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні институттың ұйымдастырушылық-идеологиялық іс шараларының жоспарына сәйкес, қазақ ақыны С. Торайғыровтың туған күніне орай Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі К.К. Жаксыбаева 1 курс 108 взвод курсанттарына әдеби сағат өткізді.Аталған іс-шарада курсанттар ақынның өмірімен және шығармашылығымен танысып, ақын өлеңдерін жатқа айтты. Мұндай …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 курс курсанттары даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры – Бауыржан Момышұлының соғыс кезіндегі өмірі бейнеленген “Волоколамск тас жолы” бейнефильмін тамашалады. Қиын қыстау кезіндегі жауынгердің ерліктеріне тәнті болған курсанттар эмоцияларын жасырмады. Бейнефильм арқылы курсанттар әскери тәртіптің мәнін түсінді.
Қылмыстың алдын алу, болдырмау, кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын-алу, өскелең ұрпақтың бойында азаматтықты, патриотизмді, болашақта ішкі істер органдарының қызметіне кәсіби қызығушылықты және полиция қызметіне саналы көзқарасты дамыту бағытында және қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Мықты тән-мықты рух» жобасы шеңберінде «Жас сақшы» кадет сыныбы …
Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында еліміздің басты мерекесі – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, ардагерлер, курсанттар мен тыңдаушылар қатысты.Жиынды институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі М.Алгожаев ашып, құттықтау сөзін жеткізді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Сюняков бұл әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын …
Кеңес Одағының батыры Малкеждар Бөкенбаевтың өмір жолы, соғыста жасаған ерлік істері мен құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі жас ізбасарларына үлкен өнеге.1 курс курсанттарын тарих беттерінде алтын әріппен есімі жазылған қаһарман тұлғаның Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында батырдың өмірбаянынан мәлімет беріліп, қысқаметражды деректі фильм көрсетілді.
2025 жылғы 22 қазанда ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушы полиция подполковнигі А.Алмагамбетова Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің УПИ полиция майоры Б.Қалыбековты тарта отырып, қосымша білім беру факультетінің тыңдаушылары үшін тәжірибелік сабақтар өткізілді.Сабақ шеңберінде әкімшілік полиция бөлімшелерінің республикалық және облыстық деңгейдегі жұмыстарының қазіргі заманғы әдістері мен …
23 қазан күні Ақтөбе заң институтының басшылығы мен курсанттары Қазақстанның Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Абдибекұлы Байтасовтың ерлігіне арналған көркем фильмнің премьерасына қатысты. Бұл туындының негізінде – шынайы өмірде ерлікпен қаза тапқан қаһарман Ғазиз Байтасовтың батырлығы жатыр. Премьера көрерменге батырлықтың биік өлшемін танытып, курсанттар мен жалпы жастардың жүрегінде елге деген …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 25 қазан – Республика күніне орай «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестікте қамтамасыз ету: заңнамалық новеллалар мен іске асыру тәжірибесі» атты ауқымды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Конференцияға Қазақстанның жетекші ғалымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен бөлек, шетелдік делегациялар қатысты:• Өзбекстан …
2025 жылғы 22 қазанда институтымызда ІІО ардагері Ғ. Дәулеталиннің 1 курс курсанттарымен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жас буынға ардагерлердің өмірлік және кәсіби тәжірибесін жеткізу, патриоттық рухты нығайту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.Кездесу барысында Ғалым Елкейұлы өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, курсанттарға кәсіби өсу жолындағы маңызды кеңестерін берді. …
2025 жылғы 22 қазан күні институттың тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында “Жас сақшы” полиция сыныбы оқушыларының жауынгерлік рухы мен патриоттық сезімін арттыру мақсатында саптық байқау өткізді.Жиын кадеттердің нысанды киім кию үлгісін қатаң түрде сақтауға, командаларды орындау реттілігі мен саптық жүрісті жетілдіруге негізделді. Сонымен қатар олардың формасының …
|
|