- Институт
- Учебно-методическая деятельность
- Научная деятельность
- Кадровая и воспитательная работа
- Образовательный
портал - Обучающиеся
Құрметті ардагерлер, әріптестер, курсанттар! 23 маусым – Қазақстан Республикасының полициясы күні құтты болсын!Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметтің ардагерлеріне және бүгінде еңбек етіп жүрген қызметкерлерге ризашылық пен алғыс білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып …
23 маусым-Полиция күні мерекесіне орай, институттың ауыспалы және жеке құрамы арасында волейбол жарысы ұйымдастырылып, төмендегідей нәтижеге жетті.1 орын – «Елек» командасы;2 орын – «Курс» командасы;3 орын – «Ақтөбе» командасы.Волейболдан «Үздік байланыстырушы» номинациясына «Курс» командасының ойыншысы Фазыл Аяулым, «Үздік қорғаушы» номинациясына «Курс» командасының ойыншысы Нарбай Самиға, «Үздік шабуылшы» номинациясына «Елек» командасының …
Бүгін оқу ордамызда – Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.Институт басшылығы мен жеке құрам сапқа тұрғызылып, бір минут үнсіздікпен батырға құрмет көрсетті. Бұл – ерлік пен елге адалдықтың жарқын үлгісі.Ұрпаққа үлгі, рухына тағзым!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев:«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мейрамдарымен құттықтаймын. Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет. Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға …
Полиция күніне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері мен курсанттары және Ақтөбе облысы ПД-ның, Көліктегі ПД-ның қызметкерлері қаланың орталық саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап мерекелік концерт өткізді. Бұл іс-шара құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтуге және қоғам мен полиция арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.Концерт …
Полиция күніне орай, 20 маусым күні Ақтөбе Полиция департаментінің ұйымдастыруымен полиция қызметкерлері арасында “Полиция эстафетасы” атты жарыс өткізілді. Аталған спорттық іс-шараға М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1-курс курсанттары белсене қатысып, жоғары деңгейдегі дайындық пен ұйымшылдықтың арқасында жүлделі 1-орынға ие болды. Бұл жеңіс – болашақ құқық қорғаушылардың кәсіби шеберлігі мен патриоттық …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының дамуы мен өркендеуіне аянбай еңбек етіп, жүздеген түлектердің сапалы білім алуына атсалысқан әріптесіміз Салимов Алмат Абатұлын құрметті зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Алмат Абатұлына өмірінің жаңа беттерін ашып, жаңа тыныс ала отырып жаңа кезеңге аяқ басуында тек сәттілік тілейміз.
Қазақстан полициясы күніне орай институт кітапханасының қызметкерлері жасақтаған «Қорғаны мықты ел тыныш» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.Шара жас ұрпақты адамгершілікке, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және адал қорғауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Курсанттар көрмеге қойылған Ақтөбе заң институтына атағы берілген М.Бөкенбаевтың өмірі мен ерлігі жайында «Алыстағы соғыстың жаңғырығы» және «Киелі …
2025 жылдың 19 маусымында «Заң мен тәртіп: Қазақстан Республикасының жолдарындағы апаттылықты төмендетудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жол қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы және судьясы, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас …
Заң мен тәртіп қағидаты аясында 1 курс 104-оқу тобының курсанттары арасында «Қатаң заң – қоғамдық тәртіптің кепілі» атты дебат өткізілді. Дебатты жалпы заң пәндері кафедрасының ғылыми үйірме жетекшісі, полиция подполковнигі С.А.Мендыбаева ұйымдастырды.Дебат барысында курсанттар аргумент, тезис, дәлелдерді қолданып, өз ойларын еркін жеткізіп, қатаң заңның қоғамдағы тәртіпті сақтаудағы маңызын жан-жақты талқылап, …
|
|