Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

БАТЫР ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

29.01.2026

Кеңес Одағының батыры Малкеждар Бөкенбаевтың өмір жолы, соғыста жасаған ерлік істері мен құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі жас ізбасарларына үлкен өнеге. 2026 жылғы 26 қаңтарда алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына тарих беттерінде алтын әріппен есімі жазылған қаһарман тұлғаның Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында батырдың өмірбаянынан мәлімет беріліп, қысқаметражды деректі фильм көрсетілді.

2026 жылы 29 қаңтарда Ақтөбе қаласы, «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес Б. Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ, М. Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ және Т. Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектептері бірлесіп «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Заң менен басталады» тақырыбында қауіпсіздіктің алдын алуға бағытталған қалалық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз, тәртіпке негізделген орта қалыптастыру. Шара барысында заң талаптарын сақтау әрбір оқушының азаматтық борышы екендігі, ал қауіпсіздік баршаға ортақ құндылық екендігі кеңінен түсіндірілді. Іс-шараның ашылу салтанатында мектеп директоры М.Б. Досжанова сөз сөйлеп, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөліне тоқталды. Ол өз сөзінде заң – тәртіптің тірегі, ал тәртіп – қауіпсіздіктің негізі екенін атап өтіп, әрбір оқушының өз құқықтары мен міндеттерін білуі арқылы адал азамат болып қалыптасатынын жеткізді. Шара соңында білім алушыларға қауіпсіздіктің алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.