Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ МАЗМҰНЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.02.2026

2026 жылғы 24 қаңтарда Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың отырысында сөйлеген сөзі Институттың жеке құрамына, магистранттар мен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары мен курсанттардың назарына жеткізілді. Түсіндіру барысында Мемлекет басшысының сөзінде айқындалған конституциялық реформалардың мәні мен мазмұны, елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыру үдерістері, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен тежемелік жүйені жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен қарастырылды.