Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

ШЫМЫР ЖІГІТТЕРДІҢ БӘСЕКЕСІ

23.07.2024

Бүгін үміткерлеріміз олимпиадалық резерв даярлайтын “Нефтяник” стадионында дене даярлығынан сынақ тапсырып, өзара мықтыларды анықтап жатыр.

Үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін ер балаларға 100 метр қашықтықты 14 секунд ішінде, 1000 метрге кроссты 3 минут 40 секундта жүгіріп шығу керек.

Талапкерлеріміздің бағы мен бабы қатар жансын деп тілейміз!

Мәлімет үшін : жалпы кандидаттарды таңдауда келесі физикалық жаттығулар қарастырылған:

  • 100 метр қашықтықта жүгіріп өту (ер балалар мен қыздарға)
  • 1000 метр қашықтықта жүгіріп өту (ер балалар мен қыздарға)
  • биік белтемірде тартылу (ер балаларға)
  • арқамен жату қалпынан кеудені жоғары көтеру (қыз балаларға).