17.09.2023
Өткен жексенбіде Ақтөбе суқоймасының жағалауында тыңдаушылардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту және командалық рухты көтеру, ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру, жоғары тиімділігі бар бірлескен әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, бейімділігін дамыту мақсатында ауқымды тимбилдинг ұйымдастырылды. Оған институттың 100-ге жуық тыңдаушылары қатысты.
Тыңдаушылар топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. Өткізілген шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізіп, керемет көңіл-күй сыйлады.



