3.10.2025



2025 жылғы 3 қазанда Ақтөбе қаласындағы жергілікті «РИКА ТВ» телеарнасының «Жаңа таң» бағдарламасында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері сұхбат берді.
Сұхбат барысында Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа 232-1-бап – «Банк шотына, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, беру, алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру» туралы жан-жақты түсіндірме берілді.
Институт қызметкерлері тұрғындарға өздерінің банк карталарын, шоттарын және өзге де төлем құралдарын үшінші тұлғаларға берудің қауіптілігі мен заңдық салдары туралы ескертіп, бұрын берілген төлем деректерін дереу жабу қажеттігін атап өтті.







