Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Республикалық «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы

16.11.2022

Бүгін еліміздің 700-ден астам колледждерінде алғаш рет республикалық «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы өткізілді.  Осындай шара қаламыздағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жоғарғы колледжінде атап өтілді. Шараның басты мақсаты – кадр даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Ауқымды жобаға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, қала мектептерінің басшылығы мен мұғалімдері, жұмыспен қамту орталығының мамандары және институтымыздың идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің аға инспекторы полиция майоры А. Назарбаева қатысып, «Әлеуметтік серіктестік – табысты еңбектің кепілі» тақырыбында диалог құрып, қатысушылардың назарына “Курсанттың 1 күндік өмірі” бейнефильмін  ұсынды.