Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті

22.10.2022

Бүгін 22 қазанда Республика күніне орай ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында мерекелік іс-шара өтті. Институт бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Е. Балымов жеке құрамды, тыңдаушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.  Мерекелік шарада қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби біліктілік танытқан  қызметкерлер Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі М. Ахметжановтың бұйрығымен марапатталды.  Іс-шара барысында алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушылары өткенге тағзым ете отырып, болашаққа жарқын көзқараспен ой жүгіртті, тәуелсіздік, отан, туған ел, жер туралы ән-жыр айтып, отансүйгіштік сезімдерді жандануына септігін тигізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.