Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Ростов заң институтымен тікелей желі байланысында «Посткеңестік мемлекеттердің қылмыстық процесі: дәстүрлері, қазіргі жағдайы, келешектегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы

24.11.2017

2017 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен ҒЗжРБЖҰ бөлімінің қызметкерлері Ресей ІІМ Ростов заң институтының ұйымдастыруымен тікелей желі байланысында өткізілген «Посткеңестік мемлекеттердің қылмыстық процесі: дәстүрлері, қазіргі жағдайы, келешектегі дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Сонымен қатар, аталған іс-шараға Ресей ІІМ қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жалпыресейлік институтының, Дон мемлекеттік техникалық университетінің, Оңтүстік федералдық университеттің, Ростов мемлекеттік экономикалық университетінің, Әділ соттың Ресей мемлекеттік университетінің Ростов филиалының, Ресей ІІМ Ростов заң институтының өкілдері, сонымен қатар, құқық қорғау органдарынан — Ростов облысы бойынша Ресей ІІМ ММ-нің, Оңтүстік федералдық  аймағындағы Ресей Федерациясының Бас прокуратурасының, Ростов облысының адвокаттық палатасының өкілдері атсалысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғы сөзін арнай отырып, қылмыстық-процестік заңнамалардың қазіргі жағдайы мен келешектегі дамуына арналған іс-шара жұмысына шақырғаны үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да ғылыми және оқу қызметінде табысты серіктестікке үміт білдірді.

Іс-шара барысында Ресей Федерациясы ІІМ қызметкерлерінің біліктілігін көтерудің жалпыресейлік институтының милиция генерал-лейтенанты А.Н.Сергеев атындағы жедел бөлімшелердің қызметкерлерін даярлаудың халықаралық ведомствоаралық орталығының заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор В.Н.Григорьевтің,  Ростов облысы адвокаттық палатасының вице-президенті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Д.Барановтың, Оңтүстік федералдық университеттің қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты О.А.Луценконың мақалалары ерекше қызығушылық тудырып, қызу талқыға салынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы қызметкерлерінің — полиция подполковнигі Н.А.Чупринюктің, полиция майоры А.С.Тайшыбаеваның, полиция майоры С.М.Минайдаровтың, полиция капитаны Е.Қ.Балымовтың мақаласы тыңдалды. Олардың баяндамалары пікірталас белсенділігін арттырудың мәні болды және бұл пікірталасқа ҚПжК кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Г.Игольников та белсене атсалысты. Сонымен бірге, пленарлық отырыстың жұмысы аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қылмыстық-процестік заңнамалары бойынша сараптау жүргізілді және екі елдің ҚПК-ін жетілдіру сұрақтары көтерілді.

Аталған халықаралық конференцияның ұйымдастырушылары тұлғасындағы Ресей ІІМ Ростов заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Алексей Юрьевич Терехов пен криминалистика және жедел іздестіру қызметі кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі Акоп Вараздатович Варданян конференция жұмысына қатысушыларға жоғары баға беріп, белсенді қатысқандары үшін және мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдірді.

 ҒЗжРБЖҰ бөлімінің

ғылыми қызметкері

Г.А. Байкунакова