Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей ІІМ Ростов заң институтымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Көші-қон процестерінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

24.05.2019

Ағымдағы жылдың 23 мамыры күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ресей ІІМ Ростов заң институтының ұйымдастыруымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Көші-қон процестерінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференция жұмысына, сонымен қатар, Ресей ІІМ Краснодар университеті, «Ресей ІІМ Ростов облысы бойынша көші-қон мәселелері басқармасының иммиграциялық бақылау бөлімі» ММ, Ресей ІІМ Санкт-Петербург университеті, Ресей кеден академиясының Ростов филиалы, Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы Белгород заң институты, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, Ресей мемлекеттік сот төрелігі университетінің Ростов филиалы қатысты.

Конференция жұмысын Ресей ІІМ Ростов заң институты бастығының (ғылыми жұмыс жөніндегі) орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сергей Валерьевич Пахомов кіріспе құттықтау сөзімен бастады, ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен тығыз ынтымақтастығын атап өтті.  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айслу Қайрлықызы Каримбаева кіріспе сөз сөйледі және пленарлық мәжілісте жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Мақсат Салауатұлы Салауатов «Миграция населения как правовая категория» баяндамасын қатысушыларға ұсынды.

Сонымен қатар, конференция барысында  «Нақты және әлеуетті көші-қон мүмкіндіктері мен тәуекелдері», «Иммиграциялық бақылаудың теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері», «Ресей Федерациясындағы көші-қонның селективтілігін қамтамасыз ету тетігі: мифтер мен шындық», «Ресей-Украина шекарасындағы кеден ісі саласындағы әкімшілік-құқықтық құқық бұзушылықтардың ерекшеліктері», «Шетел азаматын Ресей Федерациясынан тыс жерге мәжбүрлеп жіберудің проблемалық мәселелері», «Қазақстан Республикасының көші-қон саясатын іске асыру бағыттарының бірі ретінде еңбек көші-қонын реттеу», «Көші-қон қазіргі заманғы мемлекеттік басқару институты ретінде», «Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың сот практикасы және көші-қон құқығы көздерінің жүйесі», «Көші-қон саясатының негізі ретінде халықаралық стандарттар», «Халықтың көші-қоны: ұғымдар мен түрлері» сияқты тақырыптар бойынша мәселелер қарастырылды.

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы

полиция подполковнигі

А.Қ. Каримбаева