16.02.2019
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты 2019 жылғы 15 ақпанда Ресей ІІМ Омск академиясымен бірігіп, «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әкімшілік-құқықтық және ақпараттық-техникалық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (бейнеконференция форматында) өткізді.
Ресей ІІМ Омск академиясынан академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор полиция полковнигі М.В. Бавсун, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі
Г.Ж. Сулейманова алғысөз айтты.
Аталған іс-шарада Ресей ІІМ Омск академиясынан ішкі істер органдары қызметіндегі ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.В. Кургузов «Особенности учета в информационных системах пострадавших в дорожно-транспортных происшествиях», әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы полиция майоры И.Б. Бокова «Проблемы, возникающие в работе с федеральной информационной системой ГИБДД при исполнении административного законодательства» және әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Е.В. Климович «Правовые основы предоставления персональных данных регистрационными подразделениями ГИБДД МВД России» баяндамаларымен шықты. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан әкімшілік құқық және ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы полиция майоры Д.Р. Мырзабаева «Компетенция дорожно-патрульной полиции по осуществлению административного надзора в сфере обеспечения безопасности дорожного движения в Республике Казахстан» баяндамасымен және әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Ж.К. Қайрбаев «Проблемы обеспечения безопасности дорожного движения в Республики Казахстан» баяндамасын оқыды.
Қатысушылар пікір алмасып, қозғалған тақырып бойынша қызығушылықтарын танытты, өзекті мәселелер мен жағдайларды талқылады.
Іс-шара соңында конференция жұмысының қорытындысы шығарылып, осындай іс-шараларды одан әрі өткізу бойынша ұсыныстар айтылды.
ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы
полиция подполковнигі
А.К. Каримбаева