Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей Федерациясы ІІМ И.Д. Путилин атындағы Белгород заң институты оқытушыларының шеберлік класын өткізуі және Ресей ІІМ Ростов заң институтымен онлайн байланыс жүйесіндегі халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның пленарлық мәжілісі жұмысына қатысу туралы

29.03.2018

 Ағымдағы жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы мен біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларына, сонымен қатар, Ақтөбе облысы ІІМ-нің психологтары мен тәжірибелі қызметкерлеріне (44 адам) Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы Белгород заң институтының психология және педагогика кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі К.Н. Лобанов және психология және педагогика кафедрасының доценті, ә.ғ.к., полиция полковнигі К.С. Колесников бейнеконференция байланысы арқылы «Бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында шеберлік класын өткізді.

         Тақырып шеңберінде 2 сұрақ қарастырылды: ІІО қызметкерлерінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезінде азаматтармен қарым-қатынас жасаудағы психологиялық ерекшеліктері және бұқаралық іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауда күдікті тұлғаларды анықтаудың психологиялық негіздері.

         Іс-шара соңында шеберлік класына қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтар талқыланды. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова іс-шара жұмысын қорытындылады және қатысушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта ынтымақтастықтың табысты болуына  тілек білдірді.

         Бекітілген мақсатты бағдарларламалар шеңберіндегі Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының шетелдік ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастығының жалғасы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасы мен жалпы құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к. полиция подполковнигі Г.Ж. Сулеймановамен бірге Ресей ІІМ Ростов заң институтымен онлайн байланыс жүйесінде өткізілген «Конституциялық және әкімшілік құқық: көпшілік билікті жетілдіру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның пленарлық мәжілісінің жұмысына қатысты.

         Конференцияның басты мақсаты — конституциялық және әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызын талқылау, практикалық қызмет пен  атқарылған жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу.      

                 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты шеберлік класы аяқталғаннан кейін бірден пленарлық мәжіліске қосылды.

         Конференцияның пленарлық мәжілісінің жұмысы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты тарапынан институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к. полиция подполковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова кіріспе сөз сөйледі, сонымен қатар, әкімшілік құқық және ІІО-ның әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Д.Р. Мырзабаева «Административное право как отрасль права Республики Казахстан» баяндамасын, жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры М.Д.Тулешов «О внесении изминений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан (принятую на республикансом референдуме 30.08.95г.)» баяндамасын қатысушыларға ұсынды.

         Пленарлық мәжіліс Беларусь Республикасы ІІМ Академиясымен және Ресей ІІМ Уфа заң институтымен бір мезгілде байланыс орналастыру арқылы жүзеге асырылды.

         Пленарлық мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша конституциялық және әкімшілік құқық шеңберінде ІІО қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты нәтижелер шығарылды.

РБЖ тобының инспекторы

полиция аға лейтенанты

Ш.У. Смагулова