Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

14.02.2024

2024 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Н.Ж.Мұхаметқалиев Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігімен бірлесіп Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында ұйымдастырылған «Сапалы білім беруден сапалы адами капиталға» тақырыбындағы кеңейтілген алқа отырысына қатысты.
Алқа отырысы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Т.К.Дүйсенованың, Ағарту министрі Г.Б. Бисембаевтың, Ғылым және жоғары білім министрі Н. Саясаттың, ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.М. Сайтбековтің, Парламент сенаты мен мәжілісі өкілдерінің, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындары басшыларының қатысуымен өтті.
Бірлескен алқа отырысында білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/705734?lang=ru