Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«РӘМІЗДЕР – ЕЛДІГІМНІҢ РЕҢІ, ТЕҢДІГІМНІҢ ТІРЕГІ» КІТАП КӨРМЕСІ

6.06.2023

5 маусым күні ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларына кітапхана қызметкері библиографиялық шолу өткізді.

Шара мақсаты: тыңдаушыларға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту, идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Е.Шаймерденовтың «Елтаным», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік  рәміздері», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.

Кітапхана меңгерушісі 
З.Н.Карасаева