24.06.2019
2019 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы ІІММ.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан полициясының 27 жылдығын мерекелеу аясында Ақтөбе қаласындағы №1 орта мектебінде осы мектепті және Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжін бітірген, қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан Ақтөбе облысының ІІД-нің қызметкеріполиция капитаны Р.К. Кенжалиннің атындағы «Әскери дайындық сыныбының» ашылуын өткізді.
2011 жылғы 29 шілдеде Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті Экстремизммен күрес басқармасының күзетшісі полиция капитаны Рүстем Болатұлы Кенжалин полиция қызметкерлерімен бірге Ақтөбе қаласындағы Қызылжар елдімекенінің «Жаңажол» бау-бақшалық ұжымы үйлерінің бірінде жасырынып жүрген қарулы қылмыскерлерді ұстау барысында ауыр жарақат алып, көз жұмды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Р.Б.Кенжалин II дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болғаннан кейін)марапатталды. Полиция капитаны Р.Б.Кенжалин атындағы сыныпта, бір кездері Рүстем оқыған сияқты,балалар жаңа оқу жылынан бастап оқуды бастайды. Алдағы уақытта Ақтөбе қаласы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін полиция қатарынан табылғысы келетін өскелең ұрпақ үшін, бұл — батылдық пен ерліктің жарқын үлгісі.
«Әскери дайындық сыныбының» ашылуы соңындаҚазақстан РеспубликасыІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, полиция полковнигі А.М. Сайтбеков Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұргымбаевтың атынан Ақтөбе қаласының №1 орта мектебінің әкімшілігіне алғыс білдірілген атаулы хатты тапсырды.
Р.К.Ракишев












