Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел

17.09.2020

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Экономика және құқық факультетінің Құқықтану кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамы және 4 курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматында zoоm платформасымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Айгүл Касымбековна Ибраева кіріспе сөзімен бастап, Жолдаудағы басты мәселелерге тоқталды.

Дөңгелек үстел модераторы кафедра аға оқытушысы полиция подполковнигі З.З.Нұрыш, жолдауда айтылған негізгі де нақты мәселелерге сондай-ақ, реформалар мен президенттің үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын қатысушыларға түсінікті етіп жеткізіп берді. Әсіресе, Жолдаудағы  Президенттің алдымызға қойған 11 міндетіне, соның ішінде оқу-ағарту саласын қамтитын «Бесінші» «Қол жетімді – әрі сапалы білім» білім берудің жаңа сапасына тоқталды.

Сонымен бірге дөңгелек үстел барысында екі жақты институт ұстаздары мен студенттері Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерге қатысты баяндамалар оқыды. Атап айтар болсақ: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Экономика және құқық факультеті Құқықтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Елизавета Имангалиевна Исибаевабілім беруде ғылым  саласын дамытуға және азаматтардың сауаттылығы мен цифр­­лы біліктілігін арттыру мақса­тында Үкі­метке Үздіксіз білім беру тұжы­рым­дама­сын әзірлеуді тапсырғаны жөнінде «Цифрлік білім беру ресурстары– қазіргі заман талабы» атты баяндамасын оқыды.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Экономика және құқық факультетінің 4-курс студенті Кубаева Актилек жолдауда айтылған бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керектігін, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет екендігіжөнінде Президенттің тапсырмасына оң пікірін білдірді.

«Президент Жолдауы – барша қазақстандықтардың өміріне, болашағына қатысты тарихи құжат. Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне жетелеген Жолдау еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ. Мемлекет басшысы: қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Болашақта көш бас­тайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс, – деген болатын.

Мемлекет басшысы Жолдауда тең құқылы бәсекелестікті дамыту үшін мемлекеттің экономикаға араласуын азайту маңызды рөл атқаратынын, сонымен қатар, біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз, деп атап көрсетті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауаптар берді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Мемлекет басшысының тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтарға үлкен міндеттер қойып отырған бұл Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

Осынау ұлы жолдағы істеріміз сәтті, болашағымыз кемел де жарқын бола берсін!

Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізе отырып: Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн. Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек, – деген еді.

Президенттің елімізді бірлік пен келісімге шақыра отырып, жасампаздыққа жетелеген Жолдау мемлекетімізді баянды белестерге бастайтыны анық. Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы әңгіменің басты мақсаты да осы болды.

Жалпы заң пәндері кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі

З.Нұрыш