Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ПРЕСС – РЕЛИЗ Қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясындағы «ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСТАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

4.11.2017

2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында  қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында  «Құқық қорғау органдарының жаңа болмыстағы заманауи қызметін жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар — ғылым қызметкерлері,  құқық қорғау жүйесінің тәжірибелік органдарының қызметкерлері, мамандар мен сарапшылар,  оқытушылар, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының құқықтанушы ғалымдары қатысады.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, 41-разъезд, Курсанттар тас жолы, 1, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе  заң институты. Қосымша мәліметтер алу үшін +7(7132) 98-80-37 телефоны бойынша (эл.почта: mail@aui-aktobe.kz; ooniirir@yandex.ru) хабарласа аласыздар.

 

Тіркеу: сағ.9:00-9:50

Пленарлық отырыстың басталуы: сағ.10:00

 

 

 

ҒЗжРБЖҰ бөлімінің бастығы полиция подполковнигі

                                                                       А.Қ. Каримбаева