11.10.2017
2017 жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы ІІО қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану пәнінен кафедра жоспарының практикамен байланыс бөліміне сәйкес Ақтөбе қалалық ІІБ Жедел-басқару орталығының аға инспекторы полиция майоры Камашева Ардақ Галимуллақызы кәсіптік және қосымша білім факультеті арнайы даярлық курсының 2 – топ тыңдаушыларына ІІО қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану пәнінен «ІІО қызметінде қолданылатын ақпараттық технологиялар» тақырыбында тәжірибелік сабағын өткізді. Тәжірибелік сабақ кезінде А.Г. Камашева көрнекі құралдар ретінде компьютерді және кинопроекторды, бейнефильмдерді қолданды. Тыңдаушылар түсінбеген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптарын алып отырды. Пән оқытушысы полиция подполковнигі Қ.А. Бүркітбаев пен кәсіптік және қосымша білім факультетінің арнайы даярлық курсының 2- топ тыңдаушылары А.Г. Камашеваға сабақты өте жақсы түсіндіргені үшін алғыстарын білдірді.
Қылмыстық процесс
және криминалистика
кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
Бүркітбаев Қ.А.