Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Практикалық қызметкерлерді оқу сабақтарын өткізуге тарту туралы

12.07.2019

2019 жылғы 11 шілдеде Практикалық қызметкерлерді оқу сабақтарын өткізуге тарту жоспарына сәйкес институттың кәсіби және қосымша білім беру факультетінде арнайы бастапқы оқыту курсының 6 взводы тыңдаушылырына  «Кәсіби дайындық» пәні бойынша Ақтөбе қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының командирі, полиция аға лейтенанты Б.Е.Мусиннің және Ақтөбе қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының командирі, полиция аға лейтенанты А.С.Ибраевтің қатысуымен практикалық сабақ өтті.

Сабақта командирлер тыңдаушыламен практикалық тәжірибелерімен бөлісті және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдік полиция жұмыстарын ұйымдастыру ережелерімен таныстырды. Олар тыңдаушылардың назарын бірыңғай тізілімде рәсімделетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды электрондық форматта құрастыруға аударды. Патрульдік полицияның әрбір қызметкерінің бағдарламаға кіру үшін өзінің жеке паролі болады. Құрылғы әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне және ішкі істер органдарының басқа да базаларына онлайн режимде қосылады.

Сабақ барысында Б.Е.Мусин және А.С.Ибраев патрульді полицейлердің әртүрлі жағдайлардағы тактикалық іс-қимылдарынан мысалдар келтірді, сондай-ақ бейнефиксация құралдары – патрульдік автокөліктегі тіркеуші немесе портативті тіркеуші-бейнежетон туралы айтып берді және осы жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Сондай-ақ, көлікті қалай тоқтатуды, жол қозғалысына қатысушылармен қалай сөйлесуді, хаттама жасауды көрсетті және осының бәрін патрульдік полиция қызметкері бейнетіркегіш құралдардың әрекет ету аймағында ғана жасауы тиіс.   

Практикалық сабақтың қорытынды бөлімінде патрульдік полиция батальонының командирлері тыңдаушылардың қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарына жауап берді.