Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Институт бастығының ерікті-жалдамалы құрамды құттықтауы

27.09.2017

2017 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы және институт кәсіподағы институтта 10 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан ерікті-жалдамалы құрам қызметкерлерін туған күндерімен құттықтады. Олар – қазандық слесарі А.Демеуов, хатшылық инспекторы С.Акимова, аспазшылар Г.Ким және Р.Жумабаева.  Құттықтау кезінде оларға денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеп, олардың еңбектері институтқа маңызды екендігі айтылды.   

Іс-шара соңында туған күн иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды. 

 

 

ТЖБ инспекторы

полиция капитаны

З.А.Мухангалиева