Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Малкеджар Бөкенбаевқа арналған портрет-кеші

23.08.2023

АКДК тыңдаушыларына патриоттық тәрбие беру мақсатында портреттік кеш ұйымдастырылды.

Оның барысында институтымызға есімі берілген Кеңес Одағының батыры, милиция подполковнигі М.Бөкенбаевтың өмір жолына қатысты мағлұмат беріліп, соғыс жылдарындағы ерлік істері насихатталды.

Батыр туралы мәліметтерді толықтыра түсу үшін, мұражайға экскурсия жасалып, жинақталған құжаттармен таныстырылды.