Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Полицияның қазақстандық сервистік моделін инновациялық дамыту: шынайылықтар мен перспективалар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

1.11.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Полицияның қазақстандық сервистік моделін инновациялық дамыту: шынайылықтар мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған іс-шараны өткізу біздің республикамызда болып жатқан ауқымды реформалармен байланысты, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың полицияның қазақстандық сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмасын іске асыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

Конференцияға қатысушылардың қатарында шет елдердің ведомстволық оқу орындарының өкілдері – Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, құқық қорғау, сот органдарының, сондай-ақ азаматтық қоғамның өкілдері бар.

Сервистік полицияның негізгі идеясы – қоғамның барлық институттары мен азаматтар қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Конференция қатысушылар арасындағы ғылыми-практикалық өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болды.