Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Полицияның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы өзара іс-қимылы туралы

21.02.2020

2020 жылғы 21 ақпанда «Учаскелік полиция инспекторларының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабаққа Ақтөбе қаласының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау» дағдарыс орталығының басшысы Д. Қарабалина, Ақтөбе қаласының рухани-адамгершілік даму орталығының медиаторы Т.З. Лакова, «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «ММ жанындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтендіру орталығы» КММ қызметкерлері Т. М. Дармышев және А.С.Өтежан қатысты.