23.06.2017
2017 жылғы 23 маусымда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өкізді.
Салтанатты іс-шараға сыйлы қонақтар мен ішкі істер органдарының ардагерлері шақырылды. Полиция полковнигі С.И.Қаракүшев пен институттың Ардагерлер кеңесінің мүшесі, милиция полковнигі С.Р.Рзабеков құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік іс-шара барысында институт қызметкерлері мен ІІО ардагерлері «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен, құрмет грамотасымен, грамотамен және алғысхаттармен марапатталды. Институт бастығы ардагерлерге жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде өздерінің мол тәжірибесімен бөлісіп, институттың өркендеуіне үлес қосып жүргендеріне ризашылығын білдірді.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда және қылмыспен күресте қазақстандық полиция қызметкерлері 25 жыл ішінде үлкен үлесін қосты. Ішкі істер органдарының тарихында батыр тұлғалар аз емес. Ішкі істер органдары құрылғалы өздерінің қызметтерін атқару барысында жүздеген қызметкерлер көз жұмды. Сол қызметкерлерді институт ардагерлері, қызметкерлері, курсанттар мен тыңдаушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мерекелік іс-шара барысында сахнада «Арайлы Ақтөбе» фольклорлы ансамблі, «Айша бибі», «Еңлік» би топтары, облыстық шығармашылық үйінің әншілері және институттың курсанттары мен офицерлері өнерлерін көрсетті. Қатысушылар мен әншілер ІІО қызметкерлеріне және қазақстандық полицияға арналған патриоттық әндер шырқады.
Іс-шара фото- және бейнетаспаға түсірілді.