1.06.2023
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бейбіт өмірдің күзетінде тұрған полиция қызметкерлерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының 7,8,9 класс кадеттері арасында «Полиция бізді қорғайды!», «Мен полицей боламын!» тақырыбына шығарма байқауы жарияланған. Шығарма байқауына 80-ге жуық кадет оқушылары қатысты. Әділқазылардың шешімі бойынша үздікдеп танылған кадеттердің шығармалары институт тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды және естелік сыйлықтар табысталды.








