15.02.2022
2022 жылдың 14 – 19 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу» тақырыбында аға учаскелік инспекторлар, учаскелік полиция инспекторлары оқуда.
2022 жылдың 15 ақпанында Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессоры, з.ғ.к., запастағы полиция подполковнигі Фаиз Ғалымұлы Ғалымның ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі полиция подполковнигі Стырличук Галина Пантилимоновна «Зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық қылмыстар бойынша кейбір шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру және тактикасы» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабаққа катысты.









