10.02.2020
2020 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлікпен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі іске асыратын Қазақстан Республикасы полиция реформасын қолдау жөніндегі жоба шеңберінде ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «Полиция қызметінің қазіргі заманғы аспектілері – практикаға бағытталған және ұйымдастырушылық өзгерістер» тақырыбында жоспарланған үш күндік семинар-тренингтің бірінші күні өтті. (2020 жылдың 10-12 ақпаны аралығында жоспарланған).
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – институттың профессорлық-оқытушылық құрамын полиция қызметінде қазіргі заманғы әлемдік тәсілдерге, деректермен жұмыс істеуге үйрету, сондай-ақ, ІІО 2019-2021 жж. жүргізілген жаңғырту шеңберінде заңнамадағы және полиция қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттандыру
Аталған іс-шараға: ЕҚЫҰ-ның полиция реформасы жөніндегі кеңесшісі Эльмира Ренатқызы Хисамутдинова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің практикалық қызмет басқармасының бастығы полиция полковнигі Алексей Қазимирович Мелюк, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті ІІО жүйесін реформалау және дамыту басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Нұржан Қайыржанұлы Адалиев, Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің бағдарламалық ассистенті және ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.












