Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Полиция қоғамдық қолжетімділікте»

14.04.2021

2021 жылғы 14 сәуірде 2020-2021жылдарға арналған идеологиялық және тәрбие жұмысы жоспарын орындау, құқықбұзушылықтың алдын алу және жас қызметкерлер арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау мақсатында, Көліктегі полиция департаменті Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде кездесу өткізілді. Іс-шараға ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты идеолгиялық жұмыс бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры З. Мухангалиева, Көліктегі ПД Батыс аймағы бойынша Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Садыков, Көліктегі  ПД  ардагері  Т.Мұхташат, Көліктегі полиция департаменті Ақтөбе станциясындағы ЖПБ бастығының кадр саясаты бойынша орынбасары полиция майоры М.Мамбетияров қатысып, кездесу барысында Ішкі істер оргнадарында тәлімгерлік және жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру, «Полиция қоғамдық қолжетімділікте» қағидатын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

ІжСКБ инспекторы

А.Танкаева